ІНДЕТ пен МІНДЕТ

kazakhstan 1474892920 Жаңалықтар

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. Қайсы қоғамның да ең басты байлығы – адам өмірі мен денсаулығы, ұлт қауіпсіздігі. Дәлел тілемейтін аксиома сол – адамсыз (халықсыз) мемлекет болмайтындығы. Олай болса, ең үлкен құндылық – адамды қорғап, сақтап қалу қажет. Бұл үшін не істеу керек?

Міне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін де жеңеді» атты мақаласын әрқайсысымыз осы сауал тұрғысында зерделей оқып, өзіндік ой түюіміз қажет.

Жалпы, адамзат тарихында небір зұлмат кезеңдерді бастан кешірді. Кең дүниені жайлаған оба, сүзек, безгек сияқты індеттер қаншама құрбандықтармен өткенін көне шежіре баяндап береді. Одан басқа, қолдан жасалған қанқұйлы кесапаттар, геноцидтер де бейкүнә жұртымызды қынадай қырды. «Мың өліп, мың тірілген қазақпыз» дейтініміз де осыдан.

Ендеше, бұл да бір сынақ. Бұдан аман, оңай өтудің бірден-бір жолы – шынында да, сүттей ұйыған бірлік, айрықша сабырлылық. Осы орайда аталмыш мақалада «халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржықаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ» деп атап айтылған. Өте орынды уәж!

Енді ше, күні кешегі Кеңестер Одағы құлап, тәуелсіздігімізді енді алған 90-ыншы жылдардағы ауыр дағдарыс кезеңдерін есіңізге түсіріңізші. Дүкен сөрелерінде азық-түлік жоқ, тіпті қара сабынның өзін талонмен иін-тірескен кезек арқылы алып жүрдік қой. Завод-фабрикалар, ірі кәсіпорындар жұмысы тоқтап, көп адам жұмыссыз қалып, әйелдер ала дорба арқалап, базар жағалап кетті. Үй жылытатын отын жоқ, өзен жағасындағы талтеректі отап алған шақ еді ол. Сондай тығырықтан да бірлігіміздің арқасында тірлік қылып шықтық, бүгінгідей барбақуатты күйге жеттік.

Р а с , т ұ р м ы с т ы ң қиындығымен салыстырғанда, қазіргідей дүние жүзін құрсаулаған індетпен күрестің жөні бөлек. Десек те, бұл ахуал біздің тұрмысымыз күйлі, медицинамыз да жан-жақты дамыған шақта орын алып отырғанына шүкір дейік. Өткен ғасырлардағы оба, сүзек індеттері жайлаған жылдарда да білікті дәрігерлеріміз (айталық, Халел Досмұхамедовтің қазақтың маң даласында оба ауруын аластау әрекеті!) қолдарынан келгенінше жанкештілікпен індетпен күресуді міндет деп түйсінді. Онымен салыстырғанда, қазір бізде мүмкіндік өте мол. Оны күнделікті ауруды анықтау және емдеу шаралары бары сынан айқын көріп отырмыз. Бұл – бір.

Екіншіден, бүгінгідей қиынқыстау күндері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықтың әл-ауқатын төмендетпеуді, шағын және орта бизнеске көмек көрсетуді, халықтың аз қамтылған топ тарын әлеуметтік қолдауды қадағалай тапсырды. Бұл да толығымен іске асырылып жатыр. Кейбір көзбояушылықпен айналысып, қара басын күйіттеушілер, жалған беделабырой жинаушылар болып жатса, өз арларына сын. Тек атап айтарымыз – мемлекеттің қамқорлығын қалың бұқара сезіне білуі тиіс!

Өйткені, «Ұлт денсаулығы мен мем лекет қауіпсіздігі – бір – бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды» деп жазды Елбасы осы мақаласында.

Үшіншіден, баршамыздың парызымыз – бірлігімізді одан әрі нығайтып, бір-бірімізге шы найы жанашырлығымызды, бауырмалдығымызды таны ту. «Өмірдің өзі, дәл бүгінгі қалыптасқан жағдай біз ұстанған бірігу мен бірлесуге негізделген саясаттың бірденбір дұрыс жол екеніне көзімізді жеткізіп отыр» деп те атап айтылған «Бірлесе білген ел бәрін де жеңеді» атты мақалада. Шынында да, бұл күндер – әрбір азаматтың жеке жауапкершілігін талап ететін күндер.

Сондықтан да, әлеуметтік желідегі желдей есетін кейбір алыпқашпа әңгімелерден, теріс ниетті ақпараттардан қалыс болайық, бірлігімізге сына түсірмейік. Індетпен күресте барлық саладағы үлкен-кіші азаматтардың креативті біліктілік пен Отан алдындағы анттарына кіршіксіз адалдық танытулары – парыз ғана емес, басты міндет.

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз