Индерборда көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй кешені салынып жатыр

analar222 Жаңалықтар

Atr.kz/10 қыркүйек, 2019 жыл. Индербор кентінің «Болашақ» мөлтек ауданында «Ару Ана» тұрғын үй кешені бой түзеп келеді.

Көңіл қуантарлығы жеке әрі жайлы үйлердің басым бөлігін аудандағы көп балалы отбасыларға беру жоспарлануда.

Қазіргі таңда аталған кешенде екі пәтерлі 31 үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Бүгінде үйлердің басым көпшілігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары аяқтала келсе, бірқатар бөлігінің қабырғалары жаңадан тұрғызылуда. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жеке кәсіпкер С.Әбілхайыров басқаратын  құрылысшылар бұдан бұрын Есбол, Өрлік, Көктоғай ауылдарында мемлекеттік қызметшілерге, мамандарға арналған үйлер салған болатын.

Құрылыстың сапасы қадағаланып, үйдің иесіне тек кілтін беру ғана қалады. Ауданда 1180 адам баспанаға мұқтаж. Көпбалалылар санатында 130-дай индерлік кезекте тұр. Осы салынып жатқан үйлердің ішінен 45 көп балалы отбасын қоныстандыру көзделген,- дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рамазанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз