Индер ауданында тіл мерекесі жоғары деңгейде тойланды (ФОТО)

Главное фото 7 Жаңалықтар

«Тіл -татулық дәнекері, достықтың алтын көпірі» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасындағы Тілдер күнінен орай жылма-жыл ауданда халықтар достығын ұлығылап, бірліктің берекесін танытатын шаралар ұйымдастырылып келеді.

Главное фото

Осы жолы да Индер ауданындағы жаңа мәдениет үйінде «Тіл мерекесі – ел мерекесі» тақырыбында мәдени-көпшілік шарасы өтті. «Отаны бірдің тілегі де, жүрегі де бір» екенін танытқан шарада аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов баршаны мерекемен құттықтады.

DSC_0044

Ұлттар достығын нығайтуға үлесін қосып келе жатқан аудан орталығындағы Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, «Көктем» қазақ орта мектебі, Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі, «Райхан», «Балдәурен» бапдалабақшасы ұжымдарына аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.

DSC_0086

Салтанатты шарада «Индер-Мәдениет» КҚМК өнерпаздары мен ауыл, мектеп, колледж ұжымдары әр ұлттың киімдерін киініп, сол тілде көпшілікті ортақ мерекемен құттықтап, би билеп, ән салды, күй шертті.

DSC_0090

Сүйеу ХАЛЫҚОВ. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз