Қиғаш жəне Жайық өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары қарқынды жүргізілуде

WhatsApp Image 2018 08 14 at 10.17.00 Жаңалықтар

Былтыр Қиғаш жəне Жайық өзендердің түбін тереңдету жұмыстары басталып, кестеге сəйкес жүргізілуде, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-14 at 10.17.00

Бұл өзендерінің түбін тереңдету бойынша іс-шаралардың басты мақсаты – балық жүретін арналарда балықтың жойылып бара жатқан бағалы тұқымдарының өсімін ұлғайту, балықтардың уылдырық шашуға еркін өтуін қамтамасыз ету, өзен ортасының биологиялық алуан түрлілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ мелиорация жəне өзен арналарын тереңдету. Жобаны іске асыру үшін қаражат республикалық меншіктен де, жергілікті бюджеттен де бөлінген. Қиғаш жəне Жайық өзендерінің түбін тереңдету жұмыстарына жауапты мекеме – «Павлодар өзен порты» АҚ.

Қиғаш өзенінің топырақ жинау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесінің жалпы ұзындығы 150,7 шақырымды құрайды, түбін тереңдетуді жүргізу мерзімі 15 ай. Іс-шаралар өткен жылдың желтоқсанында басталды, 2019 жылдың ақпан айында аяқталады, – деді «Павлодар өзен порты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Мақсат Садвақасов.

Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, Жайық өзенінің түбін тереңдету жұмыстары да өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Жобаға сəйкес топырақ 23,5 шақырым қашықтықтағы учаскеде бастап жиналатын болады. Сондай-ақ, қашықтығы 16,9 шақырым жаңа өзен арнасы қазылады.

Жайық өзенінің түбінде топырақты қазу жəне оны бетке шығару жұмыстары 8 сағаттан екі ауысымда жүргізілуде. Оператор мен моторист бір ауысымның өзінде ғана 150 метрге дейін су асты топырағын жинайды. Жайық өзенінің түбін тереңдету де 2019 жылы аяқталатын болады, – деп нақтылады Мақсат Садвакасов.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз