Халыққа қызмет көрсету орталығында жалақы өседі

20170113093420 Жаңалықтар

Келесі жылы бірнеше жыл бойы көтерілмеген халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

20170113093420

«Қазір қатардағы қызметкерлердің бәрінде жалақы – 75 мың теңге. Астана, Алматы мен Шымкентте 15 мың теңгеге өссе, басқа қалаларда 10 мың теңгеге, аудандарда 5 мың теңгеге көтерілмек» деді ол. Жалпы, еліміз бойынша аталған орталықтарда 10 мың қызметкер жұмыс істейді екен. Олардың еңбекақысын 30 пайызға көбейту үшін қосымша  6 миллиард теңге қажет.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз