Гепатиттің алдын алу жолдары қандай?

gepatit s zabolevanie ne tolko infekcionnoe no i s Жаңалықтар

Atr.kz/1 тамыз, 2019 жыл. Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі.

Дәл осы күннің таңдалына себеп болған Нобель сыйлығының иегері, В гепатиті вирусын ашқан американдық дәрігер Барух Самюэль Блумбергтің туған күні еді. Осы жолы бұл шара «Ресурстарды гепатитті жоюға жұмсайық!» ұранмен өтіп, әр адамды сырқатпен қалай күресуге болатынын білуге шақырады.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын осы дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан аталған инфекциялық ауру туберкулезден кейін екінші орында тұр.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2018 жылы осы сырқат бойынша диспансерлік есепте 67 мыңнан астам тіркелген, олардың 5717-сіне диагноз алғаш рет қойылған.

  • Атырау облысында 2019 жылдың соңғы алты айындағы мәлімет бойынша гепатологиялық орталық/кабинетінде тіркелінген пациенттердің жалпы саны – 1142 адамды құрап отыр, олардың ішінде эластографиядан өткендер саны – 900 адам.
  • Созылмалы С вирустық гепатитінің диагнозымен гепатологиялық орталық/кабинетте есепте тұратын пациенттердің саны  – 604 адам.
  • Созылмалы В  вирустық гепатитінің диагнозымен гепатологиялық орталық/кабинетте есепте тұратын пациенттердің саны – 465 адам.
  • Созылмалы Д  вирустық гепатитінің диагнозымен гепатологиялық орталық/кабинетте есепте тұратын пациенттердің саны – 73  адам.                               

Бірінші қадам

Гепатит — бауырдың қабынуы. Оның 5 түрі бар: HAV, HBV, HCV, HDV және HEV немесе қысқаша A, B, C, D және E деген түрлері болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі – Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. 

Сырқаттардың 90 пайызы – өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғайып кетеді. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі – сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін.

KAZ Vakcinacija gepa

А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал.

Ал қалған түрлері (HBV, HCV, HDV) —  науқас адамның қаны арқылы, және де сілекейі, етеккірі, вагинальды бөлінді сұйықтықтар арқылы жұғады. Бірақ бұл, тек есірткі қолданатын немесе жыныстық қатынас кезінде қорғанбайтын адамдар ғана гепатит жұқтырады деген сөз емес. Тырнақ, бет-тері әрлеу кезінде де, тіс емдеу кезінде де жұқтыруы мүмкін. Сондықтан сақ болу керек.

Екінші қадам. Алдын алу шаралары.

Жалпы, бұл аурудың тырнағына кез-келген адам ілігуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрмысы байқуатты, дамыған елдерде тұратын азаматтар ағзасы керісінше, вирусты тез қабылдауы мүмкін. Сондықтан «сақтықта қорлық жоғын» естен шығармаған жөн. Ол үшін қауіпсіздіктің қарапайым ғана ережелерін есте сақтаңыз:

Вирустан қорғанудың негізгі алғышарттары:

1. Таза ауыз су ішу.

2. Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау.

3. Санитариялық шараларды арттыру (стерильденген инелер, ұстаралар, және басқа медициналық құралдар).

4. Жыныстық-қатым қатынаста қорғану.

5.  Иммунитет көтеру.

Үшінші қадам. Иммунет көтеру.

Вакцина жасау керек пе, жоқ па? Вакцина мәселесінде жұртшылықтың пікірі екіге бөлінеді. Екпеге қарсылық білдіріп жүргендер олардың құрамында балаларды аутизм, диабет, склероз, бедеулік сынды ауруларға шалдықтырып, зейін қою қабілетін төмендететін заттар барын алға тартады.

Алайда, БДСҰ мәліметінше, дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Вакцина организмнің қорғаныс жүйесін белгілі бір аурудан немесе инфекциядан қорғауға жұмылдырады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпе егу шарасын денсаулыққа салынатын тиімді инвестиция деп таныды.

Қазақстанда жаппай екпе егу нәтижесінде соңғы 25 жылда В гепатитімен ауырғандар арасында балалар саны 1234,5 есе, ересектер арасында аурудың таралу көрсеткіші 311,5 есе азайған.

Қазір A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. Өкінішке орай, олардың бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге жасалған жоқ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз