Фариза Оңғарсынова тұрған үйден ескерткіш тақта ашылды

1545211485 article b 1500 Жаңалықтар

Жақында Алматыда қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың тұрған үйінде ескерткіш тақта ашылды.

1545211485_article_b_1500_

Көзі тірісінде-ақ «Поэзия падишасы» атанған ақын қазақ поэзиясын дамытуға елеулі үлес қосты. Оның қаламынан туған махаббат, адам тағдыры туралы шығармалары қазақ әдебиетінің жауһарына айналды. Ескерткіш тақта ашылған Зенков көшесіндегі үйде ақын 1981-1996 жылдар аралығында тұрған.  Ашылу рәсіміне қатысқан зиялы қауым өкілдері ақынның табандылығын, еңбекқорлығын, отаншылдығын еске алып, оның поэзиядағы өзіндік қолтаңбасы келер ұрпаққа өшпес мұра екендігін жеткізді.48897864_2440825855930761_448565727264243712_o

Белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Шәмшә Беркімбаева «Фаризаның жоқтаушылары өте көп, халқы әлі іздейді. Қазақ деген халық аман тұрса, біздің ұрпақ Фаризаның артында қалдырған аманаты, үлкен мұрасы – өлеңдері арқылы ақын апасымен сырласады ғой деп ойлаймын» десе, ақын поэзиясының аудармашысы Татьяна Фроловская «Фариза мені қазақ әдебиетінің әлеміне енуіме себепші болды. Екеуміз 40 жылға таяу бірге жұмыс істедік. Ол маған Махамбеттің өлеңдерін жинақтап берді. Оны орыс тілінде сөйлеттік. Фаризадай адам енді туа ма, білмедім. Білетінім, маған қазір екеуміздің шығармашылық байланысымыз, ортақ әңгімеміз жетіспейді» деп тебіре еске алды.

                                                                                              Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

48386206_2440826042597409_4179576123350319104_o

48379369_2440825819264098_1467449531720269824_o

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз