«F6» мен «36 жастары» – жеңіс тұғырында

DSC 0083 Білім

Геолог ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен және «Номад» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен округ жастары арасында «Брейн Ринг» интеллектуалды сайысы өтті.

DSC_0083

Жас ерекшеліктеріне қарай 14-17 және 18-25 жас аралығындағы қатысушылардан командалар бас сынады. Жастардың білім деңгейін көтеру, жылдамдылығы мен зеректілігін арттыру, бәсекеге қабілеттілігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған сайыста 14-17 жас арасындағы топтар арасында  «F6» комадасы жеңімпаз деп танылды.

Екінші орынды «Жас Ұлан» командасы иеленсе, үшінші орын «Болашақ» командасына бұйырды. Ал, 18-25 жас аралығындағы қатысушылар арасында  «36 жастары» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. «Шабыт» командасы екінші, «Денсаулық» командасы үшінші орынды қанжығаға байлады.

Асылым ӘЛИ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Маржан

    Занимательная и очень поучительная игра, часто в нее играем с друзьями )))

  2. Самал

    Очень интересная игра!