Ескі көліктен құтылып, жаңасын қалай алуға болады?

avto4 Жаңалықтар

Atr.kz/1-наурыз, 2019 жыл. Отандық көлік өнеркәсібіне қатысты жағымды жаңалық бар.

Осы салада 4 пайыздық автонесиені қаржыландыру үшін қосымша 8 млрд. теңге бөлінді.

Ескі техникаға төленетін төлем көбейіп жатыр. Келешекте халық «7-20-25» автонесие бағдарламасы арқылы «темір тұлпарды» тізгіндей алады. Дегенмен, бұл бағыттағы кейбір түйткілді тұстар бүгінгі журналистік зерделеуіміздің арқауына айналды.

avto4

Жаңа бағдарламаның жаңалығы

…Атыраудағы автобазардың ауласы көлікке толып тұр. «Менің машинамды алыңыз. Жағдайы жақсы. Мінесіз де жүре бересіз» дейтін сатушы көп. Алайда, мұндағы техниканың көпшілігі Армениядан әкелінген. Еліміздің мемлекеттік нөмірін таққандары негізінен ескі, тәуірлері қымбат. Ірі «Бипэк» автосалонындағы жаңа көліктердің бағалары да ұшынған. Мәселен, арзандауының өзі бұрынғы «Жигули» – «Лада веста Кросстың» құны – 5 млн. 460 мың теңге. Сауда орталығында отырған Евразиялық банктің өкілі несиенің көлемін жеделдетіп санап берді. Несие рәсімдетсек, негізгі соманың үстіне шамамен 4 млн. теңге қосып беруіміз керек екен. 

 – Бүгінгі көлік бағасы қымбат кезеңде «7-20-25» автонесиесінің маңызы жоғары болады деп ойлаймын. Бұдан бұрын Ұлттық банк төрағасы баяндағанындай, отандық жаңа көліктерді сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама дайындалуда. Ол мемлекеттік мекемелердің, банктердің қатысуымен пысықталып жатыр. Жоба осы жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарлануда, – дейді Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалының директоры Бақыт Когулов.

c6f47030b0ae16dc2667ccabb9f6abab

Ел назарын ерекше аударған бағдарламаның артықшылығы қандай? Филиал директорының айтуынша, «7-20-25» автонесие бағдарламасының пайыздық мөлшерлемесі төмен. Ұзақ мерзімге есептелгендіктен тұтынушының қалтасына көп салмақ түсірмейді. Дегенмен, енді жасақталып жатқандықтан, жобаның экономикалық тиімділігі, қанша адамды қамтитыны туралы баяндауға әлі ертерек. Соған қарамастан қаржыгерлер «бастама отандық автоөндіріске үлкен серпін береді, халықтың ескі көліктен арылып, жаңасын мінуіне жол ашады» деген пікір білдіріп отыр.

Мамандардан білгеніміздей, қазір түрлі мақсатқа несие алудың мүмкіндігі мол. Алайда, банкіден қарыз алушының ыңғайсыз жағдайға қалатын кезі көп. Бұған базалық мөлшерлеменің өзгеруі, депозиттік төлемдердің басқаша есептелуі себепші болады. Осы себептен тұтынушы қосымша шығындалады. Ал, «7-20-25» автонесие бағдарламасы мұндай кездейсоқтықтан сақтандырады.

– Бағдарлама отбасылық бюджетті жоспарлауға мүмкіндік береді. Отандық сапалы көлік алуға жол ашады, – дейді Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалының директоры.

  • Биылғы алғашқы айда еліміздегі тіркеуге қойылған көлік саны – 109 076. Өсім – 38,2 пайыз.
  • Екінші рет тіркелген көлік – 102 849.
  • Қайта тіркелген көліктің 71,2 пайызы – 10 жылдан асқан. Ал, 20 жылдан асқанының саны – 44 788.
  • Ескі көлік тапсырылғанда берілетін сертификат құны – 315 мың теңге (835 доллар).
  • 4 пайыздық жеңілдетілген несиемен сатылған көлік (2015-2018 жылдарда) – 13 992.

(Толығырақ газеттің бүгінгі санынан оқи аласыздар)

Азамат  БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз