Еш жеңіліп көрмеген қазақтың кәсіпқой боксшысы Мұса Тұрсынғалиевтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/13 маусым, 2019 жыл. Еш жеңіліп көрмеген қазақ кәсіпқой боксшысы Мұса Тұрсынғалиевтің (9-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов халықаралық турнирде алтын иеленді. BoxRec.com басылымының хабарлауынша, Тұрсынғалиевтің келесі айқасы 12 шілде күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында болады. Қарсыласы әзірге белгісіз. Жартылай жеңіл салмақ санатында өтетін кездесу 8 раундқа шақталған. Бокс кешінде тағы бір қазақ боксшысы Иван Дычко (8-0, 8 КО) рингке көтеріледі, оның қарсыласы бразилиялық Рафаэль Зумбано (39-16-1, 31 КО) болмақ.

Еске сала кетейік, Мұса соңғы жекпе-жегін де дәл осы аренада өткізген болатын. 1 наурыз күні ол америкалық Винсент Дженнингсті (6-7-2, 4 КО) ұпай санымен жеңген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *