Ержан – Әлем кубогының иегері! (+ФОТО)

64385889 2444773449076365 4824879643720941568 o Жаңалықтар

Atr.kz/17 маусым, 2019 жыл. Былтыр Индонезияда өткен Паразиадада суға жүзуден екі дүркін чемпион атанған жерлесіміз Ержан Сәлімгереев жуырда Әлем кубогінің екі кезеңіне қатысып, екеуінен де үлкен олжамен оралды. Аталмыш сайыстарда әнұранымызды төрт рет әуелеткен саңлағымызды атыраулықтар теміржол вокзалында сән салтанатпен күтіп алды.

Халық арасында «Мотиватор» атанып кеткен Ержан алғашқыда Италияның Линьяно Саббьядорро қаласында өнер көрсетіп,  әлемнің 31 елінен 260 спортшы қатысқан сайыста өңіріне үш алтын, екі күміс медаль тақты. Ал, осы жарыста бағын сынаған тағы бір атыраулық Дмитрий Ли  бір күміс, бір қолаға ие болды.

І кезең  бәсекелері аяқталысымен олар ІІ кезеңді Германияның астанасы Берлин қаласында жалғастырып, бұл сында 50-ден астам елден 550 спортшы өзара мықтыны анықтасты. Ержан бұл жолы тағы да өз мықтылығын паш етіп бір алтын, бір күміс, бір қола  медаль еншіледі.

Осы жетістіктері арқылы ол әлем чемпионаты және паралимпиада ойындарына қатысу жолдамасын қанжығасына байлап қайтты.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

62364008 2441726896047687 8961372000937312256 n
61925195 2438159633071080 6738761807197896704 n
62195861 2441726859381024 6459117190929973248 n
62436110 2444773692409674 8341479237961646080 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз