Ертең – Мемлекеттік рәміздер күні: ГИМН мәтініне зер салсақ…

faa6d0aed2abb5f9f2849d23a2e07cf8 Жаңалықтар

Аtr.kz/3 маусым, 2020 жыл. Осыдан он шақты жыл бұрын республикалық ұлттық газет беттерінде «Әнұран мәтініне зер салсақ…» тақырыбында материалдар жарияланып, онда ҚР Мемлекеттік Гимнінің мәтінінде қазақ тілінде қалыптасқан пунктуациялық талаптардың ескерілмей, бірнеше тыныс белгілерінің қате және кейбірінің тиісті орнына дұрыс қойылмағаны жайында жазылды.

 Қазіргі уақытта жоғарыда аталған «Ана тілі» газетіндегі көтерілген тақырыпты қайта жаңғырта отырып, осы мәселеге оралып, нақты бір шешім алынса деймін. Осы тақырып бойынша алдымен Білім және ғылым министрлігінің А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына хабарласып төмендегідей жауап алдық:

«Гимн» – көне гректің тілінен енген (ὕμνος – «біреуді немесе бір нәрсені мадақтап айтылатын өлең») сөз. Бұл сөз әу баста діни жосық, жоралғы үшін қолданылған. Кейіннен бұл сөздің мағыналық ауқымы кеңейіп, әр ел өзінің әнұранын «гимн» деп атады. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда да «гимн» сөзі қолданылып келді.

Қазақстан Республикасы Ү к і м е т і ж а н ы н д а ғ ы Мемлекеттік терминология комиссиясы «Гимн» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «Гимн» сөзін бекітті (гимн – гимн (1971-1981), Государственный Гимн – Мемлекеттік Гимн (1971- 1981). Егемендік алған соң бұл сөздің мағынасы терең зерттеліп, «Гимн» сөзінің орнына «Әнұран» деген атау қолданыла бастады. Аталған комиссияның шешімі бойынша 1992 жылы «Гимн» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «Әнұран» сөзі бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ү к і м е т і ж а н ы н д а ғ ы Республикалық терминология комиссиясының 2014 жылғы 11 желтоқсанындағы о тырыс ы н д а « Г и м н » сөзінің қазақ тіліндегі баламасы ретінде «Гимн» және «Әнұран» сөздері, ал 2018 жылғы 6 сәуірдегі отырысында қазақ тіліндегі баламасы ретінде «Гимн» сөзі бекітілді. Гимннің мәтініндегі үшінші жолынан кейін «дефис» белгісі емес, сызықша белгісі қойылады:

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны –

Себебі, қазақ тілінде оңашаланған айқындауыш мүше мен айқындап тұрған сөздің арасына сызықша қойылады. (Сыздықова Р. Көптомдық шығармалар жинағы. – 12-том. – Алматы: Елшежіре, 2018. – 25-бет). Бірінші шумақтың сегізінші жолында «Қазағым мықты ғой» сөйлемінен кейін нүкте емес, леп белгісі қойылуы қажет. Қазағым мықты ғой! Себебі, әртүрлі көңіл-күймен (көтеріңкі, қатты ашу-ыза, бұйрық және т.б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемдерден кейін леп белгісі жазылады. (Сыздықова Р. Көптомдық шығармалар жинағы. – 12- том. – Алматы: Елшежіре, 2018. – 85-бет).

«Терминолог ғалымдардың және жұртшылықтың пікірін ескере келе, қазақ тіліндегі «Гимн» сөзінің орнына «Әнұран» сөзінің қолданылуы мақсатқа сай деп есептейміз» дейді институттың мамандары. Шынымен, жалпы білім ошақтарында педагогтар арасында, оқушылар және ата- аналар еліміздің заң бойынша айтылуы тиіс «Гимн» сөзінің орнына «Әнұран» деп айтып келеді.

Ғ а л ы м д а р м е н п і к і р таластыру, әрине, оңай шаруа емес. Дегенмен, қорытынды мәліметті саралауға алып, Мәжілістің күн тәртібінде «ҚР Мемлекеттік рәміздер туралы» №258 Конституциялық з а ң ы н ы ң Ү ш і н ш і қосымшасындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтінінің тыныс белгілеріне өзгерістер енгізілуін ұсынамын.

Бүгінгі уақытта, әрбір облыстың білім беру басқармасының әдістемелік орталықтары жалпы білім беретін ұйымдардың тарих, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында Мемлекеттік Гимн атауы мен редакциялық мәтіндегі тыныс белгілеріне ресми түрде өзгеріс енгізу туралы талқылау, талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, аталған мәселе Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік- мәдени даму комитеті мен Ғылым комитетінде қаралу үстінде. Ендігі уақытта бұл ұсынысымыз азды-көпті кәдеге жараса игі. Өйткені, елдігіміздің нышаны – мемлекеттік рәміздер көздің қарашығындай сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ешбір қатесіз жеткізілуі тиіс.

Руслан ХАМЗА,

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі

 Ұлттық орталығының атқарушы директоры

***

*Айтпақшы…

Тутұғыр тамызда тапсырылады

 Атыраудың Жангелдин және Құлманов көшелерінің қиылысындағы Тутұғыр құрылысы қайта жанданды.

 Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде құрылыс учаскесін көгалдандыру, нысанның тірек қабырғасын мәрмәр таспен қаптау, субұрқақтар мен гүлзарларды орнату жұмыстары қарқын алды. Оған қоса, мұнда тартылған суландыру құбырларының жүйесі тексерістен өткізіліп, бұл жұмыс та аяқталуға таяды. Келесі кезекте, түнгі жарықтандыру желісін жүргізу мәреге жеткізілмек. Сол сияқты, жоғарыда айтылған субұрқақтарды реттеп-жіберу, колонналардың қасбетін әрлеу, шағын архитектуралық фор­маларды орнату, Тутұғырдың конструкциясын дайындау мен монтаждау жұмыстары да тиянақталуда.

Бұған дейін мердігер мекеме – «ДСУ КасТаДор» ЖШС жабдықтаушы кәсіпорын – «Mitas Industri Inc» атты түрік компаниясымен келісім- шартқа қол қойған болатын. Соған сәйкес, құрылыс- монтаж жұмыстарының барысында орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру, нақтылай кетсек, күшті желдің әсерінен құлап қалған Тутұғырды қайта тұрғызу жұмыстары а т а л ғ ан компанияның көмегімен атқарылады. Осы уақыт аралығында нысанды демонтаждау шаралары жүргізіліп, учаске аяқ астынан пайда болған үйінділерден тазартылды.

Тапсырысшысы облыстық қ ұ р ы л ы с б а с қ а р м а с ы болып табылатын бұл жоба «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының демеушілігімен қаржыландырылса, мердігері жоғарыда аталған «ДСУ КасТаДор» жауапкершілігі серіктестігі. Ал, жобаның келісім-шартта көрсетілген құны 2 млрд. 502 млн.теңгені құрайды.

Осылайша, жоба бойынша биіктігі 91 метрді құрайтын, рәміздік туының өлшемі 1,2х7,5 метрлік Тутұғыр алдағы тамыз айында, Ата Заңның 25 жылдық мерей тойы қарсаңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Дәулетқали ЛАТИФҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/prezident-parlamenttik-oppozici%d1%8fga-qatysty-zanga-qol-qojdy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз