«ЕРІКТІЛЕР 50+»: Атырауда жаңа жоба бастау алды

83465409 1360837284087965 8608070752832323584 o Жаңалықтар

Atr.kz/13 ақпан, 2020 жыл. Әдетте волонтерлер туралы айтқанда көз алдымызға жалындаған жастардың келетіні жасырын емес. Алайда, көмек қолын созып, игілікті істің басы-қасынан табылуға ниет білдірген егде жастағылар да аз емес. Осындай жандардың басын бір арнаға тоғыстырған «Еріктілер 50+» клубының кезекті ізгі шарасы Атыраудағы қарттар үйінде жалғасты.

Бұл бастама – салт-дәстүр, ата-баба мұрасын насихаттау бағытында жұмыстарды жандандырған «Атамұра» қоғамдық қоры қолға алған істің бірі. Аталмыш ұйым жетекшісі Ағиба Мұстажапқызының айтуынша, «Қарттар үйіне келуіміздегі басты себеп – тағдыр тәлкегіне тап болған қамкөңіл жандарға достық-бауырластық ниет білдіріп, сырласу. Олай дейтін себебіміз, бұл орталықтағылар – қолдауға, жылылыққа зәру екені жасырын емес. Мақсатымыз  орындалды, қосылып ән шырқап, жастық шақтарын еске алған қариялар бір серпіліп қалды».

Клуб мүшелері арнайы орталықтағы жандармен бірге  психологиялық тренингтер ұйымдастырып, йога жатығуларын жасады, жарасымды әңгіме-дүкен құрды. Қос тарап та «әдеттегіден өзге шарадан мол әсер алдық» деген оймен тарқасты. Таяу уақыттарда қарттар үйі тұрғындарымен бірге театр-концерттерге бірге баруды жоспарлап отырған «Еріктілер 50+» клубы тағы да мүшелер санын арттыруды көздеуде. Ендеше, жасыңыз елуден асып, өзгеге көмек қолын созуға даяр болсаңыз, клуб сізді күтеді. 

Өз тілшіміз

84075492 1360836800754680 2251796669769187328 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз