Енді «шуба» жарнамалағандар жауапқа тартылады

ФОТО ШУБА Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК алдағы қыстың суық болатынын айтып, тон жарнамалағандарды жауапқа тартатындарын ескертті. Бұл туралы мекеменің Instagram парақшасында жарияланды,-деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ФОТО - ШУБА

«Құрметті пайдаланушылар! «Қазгидромет» РМК алдағы қыс суық болатыны жөнінде тараған ақпаратты жоққа шығарады. Ауа райы болжамы жөніндегі шынайы ақпараттармен www.kazhydromet.kz ресми сайтында танысуға болады. Сонымен қатар, біз ешқандай дүкендермен және ұйымдармен әріптестік орнатқан жоқпыз. Бұл – өтірік жарнама. Сақ болыңыздар! Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеміз. Сол себепті жарнама берушілерден мына жалған ақпаратты алып тастап, қолданушылардан кешірім сұрауды ұсынамыз. Ұсыныс орындалмаған жағдайда осы деректер ҚР ІІМ-ге жолданады», – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, жақында Қазгидромет өкілі биыл ғасырдағы ең қатты қыс болады деген ақпарат негізсіз екенін айтқан болатын.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз