Енді салық қарызы туралы SMS-хабарлама келеді

photo 53311 Жаңалықтар
Қазақстанда жыл соңына дейін салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесі іске қосылады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
photo_53311
«Салық қарызы туралы SMS-хабарлама тарату жүйесін жыл соңына дейін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл азаматтардың дер уақытында салық төлейтіні туралы кепілдік бермейді», – деді ведомство басшысы Мәжілісте үкімет сағатында. Әлихан Смайылов шекара асып бара жатқан тұлғалар үшін салықты сол жерде (әуежайда) төлеу мүмкіндігі пайда болғанын айтты. «Төлем жасалғаны туралы мәлімет әп-сәтте келеді. Үкіметтің электронды шлюз арқылы банктермен тікелей жұмыс істейміз. Бұл төлемінің жаслағаны туралы мәліметті бір, екі минутта көруге мүмкіндік береді. Сол себепті, шекарадн асу кезінде мұндай мәселелер туындамайды», – деді министр депутаттарға.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз