Енді пойыз билетін қайтарған кезде айыппұл салынбайды

daad7fbcd7f11cc22561a8b3218d7622 Жаңалықтар

Енді Қазақстанда құны 3500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың өтінішімен осындай жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

daad7fbcd7f11cc22561a8b3218d7622
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. Алайда бұл ереже бағасы 3500 теңгеден аспайтын билеттерге ғана қатысты. Ал 3500 теңгеден асатын билетті қайтарған кезде комиссиялық алым сол күйі қалады. Аталған шешім жолаушылар тарапынан түскен өтініштерден кейін қабылданған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ осылайша билеттерді заңсыз қайта сататындармен күреспек.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз