Енді мектептерді жөндеуге қатысты мәселелермен директор айналыспайтын болды (ФОТО)

IMG 2714 25 08 17 15 15 Білім

Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Ол «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбында өрбіді. Бүгін түске дейін оның алғашқы кезеңі аяқталды.

IMG_2714-25-08-17-15-15

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрына жиналғандардың көптігінен ине шаншар орын болмады. Жиынды облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова ашып, жүргізіп отырды. Өз кезегінде өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, орын тапшылығын жою, оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау облыс әкімдігінің назарынан түспейтіндігін айтты.

ANU_5907

– Әдетте тамыз кеңесінде жасалған жұмыстардың нәтижесі баяндалып, жетістіктер ғана айтылып жатады. Бірақ, одан да жақсы нәтиже көрсету үшін кемшіліктерімізді де білуіміз керек. Мәселен, Ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша төменгі нәтиже көсреткен білім беру ұйымдары баршылық. Осы орайда, олардың себеп-салдарын осындай көпшілік алдында қысылып-қымтырылмай батыл айтуымыз керек, шешімін табуға тырысуымыз қажет. Бүгінде жаңа білім беру нысандары салынып, көптеген істер атқарылып жатыр. Білім сапасын көтеру үшін тағы не істеуіміз керек? Сіздердің ұсыныстарыңызды күтемін. Тіпті, әрқайсысыңызбен жеке кездесуге де дайынмын, – деген ол ұстаздар қауымын бірігіп қызмет етуге шақырды.

ANU_5629

Сондай-ақ, кеңеске Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің басқарма басшысы Ардақ Садықова, Назарбаев университетінің департамент директоры Жаңыл Жонтаева, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақталған мектептер орталығының директоры Манара Адамбаева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Асхат Иманғалиев және басқалары қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

ANU_5954

Тағы бір жақсы жаңалық, мектептерді ағымдағы және күрделі жөндеуге қатысты мәселелермен енді директор емес, арнайы мамандар айналысатын болады. Айта кетейік, осы айдың 15-24 күндері аралығында 18 секция бойынша 1500-ге жуық ұстаздың қатысуымен секция жұмыстары жүргізілген болатын. Түстен кейін, яғни, қазір сол секция жұмыстары білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен жалғасып жатыр.

ANU_5567

ANU_5516

 Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз