Енді «Көктемнің» өз «Қазақтелекомы» бар

aC4oBue5j9I Жаңалықтар

Абоненттерге заманауи қызметтер мен технологиялар туралы ақпарттардың қолжетімділігін арттыру, сервистік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы «Көктем» сауда орталығында мобильді қызмет көрсету желісін ашты.

aC4oBue5j9I

Барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген мобильді қызмет желісінің базасында компанияның әлеуетті клиенттері мен сауда орталығына жақын ықшамаудандарда тұратын тұрғындар бұдан кейін қала орталығындағы кеңселерге уақыт шығындамай-ақ, «Көктем» сауда орталығында саудасын жасай жүріп, ұсынылатын қызметтер сапасын бағалай алады. Мәселен, сауда орталығындағы мобильді кеңседе «Қазақтелеком» қызметінің бірегей сервистерін, атап айтқанда, «ID TV» цифрлы телевидениесін, интернет желілерін жоғары жылдамдықпен пайдалануды, «Сұраныс бойынша бейне» мен «Караокені» тестілей алады. Сондай-ақ, мұнда компания мамандарды тұрғындарды мазалаған барлық сауалдар бойынша кеңестер беріп, www.telecom.kz порталына тіркелуге, телефония, интернет, интерактивті телевидение қызметтерін қосуға өтінім қалдыруға көмектеседі.

2DMY-I-kj0w

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз