Елімізде журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдана ма?

10484456 Жаңалықтар

Atr.kz/11 маусым, 2019 жыл. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқығын қорғайтын заң қабылдануы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені назарға алуға уәде берді.

Ақордада өткен баспасөз мәслихатында журналистер Қасым-Жомарт Тоқаевтан журналистердің мәртебесі туралы заң қабылдауға мұрындық болуын өтінген еді.

«Бұл өте өзекті мәселе. Бұл мәселені жақсылап қарауымыз керек. Мен үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте, егер қажет болса, журналистердің мәртебесі туралы тиісті заң қабылдаймыз. Не болмаса, мен өзім президент ретінде шешім қабылдаймын», – деді Тоқаев.

Бұған дейін ол жас кезінде өзі де журналист болуды армандағанын айтқан болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз