Елімізде жаңа комитет құрылды

12742189 Жаңалықтар

Аtr.kz/5 мамыр, 2020 жыл. Қабылданған қаулыға сәйкес, қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Дінтану сараптамасы орталығы» таратылды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тиісті қаулыға Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған.

«Сонымен қатар аталған қаулымен 2020 жылдың 29 сәуірінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Дінтану сараптамасы орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды», – делінген нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырда Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы ауысты. Министрліктің бұрынғы басшысы Дәурен Абаев президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін президенттің көмекшісі қызметін атқарған Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз