Елімізде Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар басталды

2001211652243090f Жаңалықтар

22 қаңтар, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді. «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты мерекелік концерт «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті.

Концерт бағдарламасына Абайдың барлық музыкалық мұрасы енген. Ақын шығармаларын КСРО және Қазақстанның халық әртістері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, белгілі мәдениет қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева, Берік Айтжанов, сондай-ақ, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар орындады.

96295da0 1c7b 4f1f ac26 7246a2efdae5
2001211652243096f
2001211652243095f
2001211652243094f
2001211652243093f
2001211652243092f
2001211652243091f
http://atr.kz/bez-rubriki/abajdy-t%D2%AFsinip-zh%D2%AFrmiz-be/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз