Елімізде 20 адам коронавирустан жазылып шықты

156348 Жаңалықтар

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Нақты айтқанда емделіп шыққан 13 адам елордада, 7 адам Алматы қаласының тұрғындары.

Сонымен бірге, 100-ден астам адам карантинді бұзғаны үшін ұсталды.

Елорда уақытымен 12.45 сағат бойынша 294 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.

Атыраудағы коронавирус жұқтырған он екі адамның жағдайы туралы баяндады

Қазіргі таңда науқастар  өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал, Атырауда қазіргі таңда 12 адам емделіп жатыр. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес,   коронавирус инфекциясы  бар он екі науқастың жағдайы қалыпты.  Науқастардың көпшілігінде ауру   асимптоматикалық жағдайда өтуде, ал, екі емделушіде  құрғақ жөтел бар.  Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен  қамтамасыз етілген.

stat

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні  Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын.  Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.

http://atr.kz/bez-rubriki/almatyly%d2%9btar-a%d2%9b-halatty-abzal-zhandar%d2%93a-zhappaj-%d2%9bol-so%d2%93yp-%d2%9boshemet-bildirdi-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз