ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛАҚЫ: smart-карта қайда сатылады?

67617776 867850080264143 1960949082281213952 o 1 Жаңалықтар

Atr.kz/7 тамыз, 2019 жыл. Электронды жолақы карталары «RK-tel» ұялы байланыс салондарының бәрінде сатылады.

Сондай-ақ, оны «Atyrau Аvtopark» және «АйсТрансХолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің кондукторларынан да алуға болады.

Бұдан бөлек, енді электронды билет картасын 15 тамыздан бастап Атырау қаласының жеті аялдамасынан табуға болады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігі хабарлады.

Атап айтқанда, бұлар – «Исатай-Махамбета алаңы», №10 маршруттың соңғы аялдамасы, «Теміржол вокзалы», «Вокзал маңы» мөлтекауданы», «Перинатальды орталық», «Неке сарайы» және «Московский» аялдамалары.

Амандық АБДОЛ

67617776 867850080264143 1960949082281213952 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Жеңіс

    салған ақшам жоқ болып кете береді, не істейміз?

  2. Атырау газеті author

    картаны жасаткан жерге барсаңыз кайтарып береді