Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады?

2018091917181268993 ecp 0 Жаңалықтар

Atr.kz/5 сәуір, 2020 жыл. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін ұзарту үшін не істеу керектігін айтты.

«Қазір электронды цифрлық қолтаңбаны Egov.kz порталы арқылы алуға мүмкіндік бар. Егер электронды қолтаңбаның мерзімі өтіп кетсе, жаңасын алуға тура келеді. Egov.kz порталында, тағы да қайталап аламын, қашықтан алуға болады. Ол үшін интернетке қосылған, бейнекамерасы бар компьютер немесе ноутбук керек. Сонымен қатар, азамат өзімен бірге жеке куәлігін дайындап қоюы тиіс», – деді Жұмағалиев онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгінде Egov.kz порталында көрсетілетін қызметтердің дені электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен жүзеге асады.Соның бірі – төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылғандарға төленетін 42 500 теңгеге өтініш беру.

Egov.kz порталында тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.  

Десе де электронды қолтаңбасыз-ақ, бір реттік құпия сөзбен өтініш жолдауға болады. Толығырақ мына сілтемеден біле аласыздар.

«Спутник Қазақстан»

http://atr.kz/bez-rubriki/әleumettik-tөlemderdi-taғajyndaudyң-zhaңa-tәrtibi-tүsindirildi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз