Елбасы: Қазақстан халқы әлемдік сарапшылардың деструктивті болжамдарын жоққа шығарды

20190429153342 Жаңалықтар

Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан халқы бірлігінің арқасында 30 жыл бұрынғы халықаралық сарапшылардың деструктивті болжамдарының бәрін жоққа шығарды.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«30 жыл бұрын ғана халықаралық сарапшылар Орталық Азия, біздің Қазақстан да – жаңа қақтығыс ошақтарына айналатынын болжаған еді. Олар біздің өңірде қантөгістер мен күрестер жүріп жатады деп ойлады. Олар этно және діни сенім бойынша өзгешелікті алға тартты. Өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ әрі тарих табанында қалады деп сенімді түрде болжам жасады. Бірақ, тәуелсіздік жылдары біз – Қазақстан халқы бұл деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығардық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде Қазақстан халқы экономикасы мығым мемлекет құрғанын еске салды. «Біз бірліктің, ішкі саясаттағы прагматикалық бағыттың арқасында тарихтың барлық қақпанын айналып өттік, халықаралық жоғары дәрежеге ие болдық. Ішкі саяси істерді құрып жатқан біздің модель, біздің елдегі ұлтаралық қарым-қатынас уақыттың өзімен сыналып, бүгінгі таңда басқаларға үлгі болып келеді», – деді Елбасы.

Еске сала кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз