Ел мақтанышына айналған Нұрлан Олимпиада лицензиясын ұтып алды (+ФОТО)

73460526 2554843131402729 9140048644815192064 o Жаңалықтар

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Бүгін таңғы уақытқа қарамастан әуежайдан бір топ спорт мамандары Еуропа чемпионатынан жеңіспен оралған паратаеквондошы Нұрлан Домбаевты салтанатты түрде күтіп алды.

31 қазан күні Италияның Бари қаласында паратаеквондодан VIII Еуропа чемпионаты өткен болатын. 73 келі салмақта Нұрлан алғашқы кездесуінде өзінің басты қарсыластарының бірі украиналық спортшыны 36:24 есебімен ұтты. Ал ақтық сында түрік спортшысын 35:15 есебімен оңай ұтты.

Осылайша Нұрлан Домбаев бұл жеңісі арқылы Токио 2020 паралимпиада ойындарына жолдама алып отыр. Қазіргі таңда әлемдік рейтингте бірінші орында келеді. Спортшымыз екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы және екі дүркін Еуорпа чемпионы атақтарына қол жеткізді.

Дереккөз: Atyrau Sport

73142341 2554842901402752 5120448924980609024 o
75407749 2554843068069402 5478191641716064256 o
75371539 2554843451402697 8322455165655318528 o
74434615 2554843288069380 8542892760099717120 o
73324703 2554843181402724 8840344108913393664 o
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз