Экспорт 91 миллион АҚШ доллары

Жаңалықтар

Atr.kz/1 қазан, 2019 жыл.  Мұнайлы өңірде әлемнің 50 елімен бірлескен 1000-нан астам компания  тіркеліпті.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, олардың арасында АҚШ-тың 49 бірлескен кәсіпорны бар. Бұл компаниялар мұнай-газ және мұнай-химия, инженерлік-барлау қызметі, геология салаларына инвестиция салыпты.

Биылғы жылдың жеті айында Атырау облысы мен АҚШ арасындағы сауда-саттық көлемі 248 миллион АҚШ долларын құрады.  Соның ішінде экспорт  – 91 миллион, ал, импорттың  көлемі 157 миллион АҚШ долларына жетті.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *