Эфиопияда Абай шығармашылығы таныстырылды

82 main Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жылЭфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктерінің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты» делінген хабарламада.

Іс-шара бағдарламасына, атап айтқанда, әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде Қазақстан да қатысты.

 Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында елшіліктің ұжымы оның шығармашылығының тұсаукесерін жасап, «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады.

Шараның ресми бөлігі кезінде Эфиопияның Мәдениет пен ғылым және жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің президенті және UNESCO өкілдері сөз сөйледі.

http://atr.kz/bez-rubriki/dimash-%d2%9b%d2%b1dajbergen-zhyldy%d2%a3-e%d2%a3-k%d3%a9rikti-er-adamy-ata%d2%93yna-%d2%b1synyldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз