Е Р І К Т І болу – ЕРЛІКпен тең!

achievement 3556674960720 8usdfeo 1 Жаңалықтар

Atr.kz/28 ақпан, 2020 жыл. Волонтерлер жылына орай, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Ерікті болу – ерлік» тақырыбында кездесу өтті.

Алдымен «103 жеделжәрдем» еріктісі Айдос Каримов өз тәжірибесімен бөлісті. Ал, «Атырау Эко» экологиялық қозғалысының жетекшісі Айгүл Төлешова өндіріс қалдықтары мен олардың зияны туралы тұрғындарды жанжақты ақпараттандырып отыратындығын айтты.

– Қоршаған ортаны таза ұстау – әрқайсымыздың қолымыздан келетін іс. Біздің мақсатымыз – тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ә р д а й ы м ә л е у м е т т і к ж е л і д е б е л с е н д і м і з . Ластанған аумақтарды қоқыстан тазарту үшін қоғамдық орындарда мәдени-көпшілік шаралар, ойындар мен байқаулар ұ й ы м д а с т ы р а м ы з . Қатысушылар топ-топқа бөлініп, өзара сынға түседі. Нәтижесінде, ең көп қалдық жинап, оны сұрыптаған топ жеңіске жетеді. Осы арқылы тұрғындарды пластмассадан жасалған заттарды әйнектерден айыруға дағдыландырамыз,- деп атап өтті А.Төлешова.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Шексіз таланттар» би мектебінің жетекшісі Гүлсина Байкенова еріктілердің қоғамдағы орны туралы әңгімеледі. Әсіресе, №37 мектептің «103 еріктілер» тобының өкілдері қоғамдық орында есінен танып қалған немесе денсаулығы нашарлаған жандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Сондай-ақ, кітапхана басшысы Сара Ізмұхамбетова кездесу қонақтарына ұжым атынан естелік сыйлық табыс етті. «Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек берудің мол мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға да сеп болары сөзсіз» деді ол.

Гүләлия ИГІЛІКОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/barymyzdy-ba%d2%93alaj-bilsek-%d2%9boj/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз