Атыраулық Айбек еліміздің үздік маманы атанды (ВИДЕО)

IMG 20181026 WA0007 БЕЙНЕЖАЗБА

Қазан айының соңғы күні Елбасының жарлығымен «Еңбек күні» болып бекітілген болатын. Осы орайда бүгін жылдағы дәстүрге сай Астанада еңбек форумы өтуде.

IMG-20181026-WA0007

Шараның мақсаты – еңбек адамының құрметке лайық екенін көрсету, өз саласындағы үздіктерді марапаттау болып табылады.

Атыраудан Тұрсынбек Айбек «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша республика бойынша жеңімпаз атанды (онлайн дауыс берудің нəтижесі бойынша). Ол 1995 жылы 8 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. 2013-2017 жж. Атырау мұнай және газ университетінің «Дуальді оқыту» бағдарламасы бойынша «Мұнай – газ ісі» мамандығын тәмамдап, бакалавр дипломын алған. 2018 жылы Атырау мемлекеттік мұнай-газ университетіне магистратура бөліміне оқуға түсіп, «магистр» атағын алды. 2017 жылдың тамыз айынан «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының үшінші дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы болып жұмысқа қабылданды. Биыл «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында өткен «Үздік маман» дәстүрлі байқауында бірінші орын алды. Мадақтау грамоталарымен марапатталған. Қоғамдық және спорттық шараларға (марафон, греплинг және басқа) белсене қатысады. Жұмыс барысында өзін тек жақсы қасиеттерімен, жоғары біліктілігімен танытты. Ұжым қызметкерлері және басшылық алдында зор сенім мен құрметке ие.

Мұндай марапаттау бірінші кезекте жастарға үлгі болса, екіншіден, еңбек иелерін насихаттау болып табылады.

Форумда «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Үздік еңбек әулеті» анықталды. Оларға сый-сияпат табысталды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз