Ең бұрымды қыз Мақат ауданында тұрады

162559a3afe8694d1 1 Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Шолпы» бұрымды қыздар байқауы өтті. Маңызы мен мәні зор шараны – өңірдегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырған.

162559a3afe8694d1

Байқаудың мақсаты – халқымыздың ежелден келе жатқан бұрым өсіру, оған шолпы тағу дәстүрін қайта жаңғырту және оны жастар арасында насихаттау болып табылады. «Рухани жаңғыру» кеңсесінің бас менеджері Орынтай Биманованың айтуынша, игі бастама Елбасының мақаласына орай жүзеге асқан.

Әлбетте, шолпының атқарар рөлі зор. Бұрынғы кезде халқымыз шолпының сыңғыры арқылы бойжеткеннің жүріс-тұрысын айқын біліп отырған. Шолпының үні естілген кезде қыз баланың білмеуі тиіс әңгімелер кілт тыйылған екен.

Сонымен, облыстың әр аймағынан келген «Шолпы» байқауына қатысушылар арнайы құрылған қазылар алқасы мен әлеуметтік желі қолданушыларының «лүпілі» арқылы дауыс жинады.  Нәтижесінде, бұрымының ұзындығы 100 сантиметрге жететін Мақат ауданында тұратын 11 сынып оқушысы Лаура Латипова жеңіске жетті.

Енді байқау жеңімпазы – ару қыздың фотосы қаланың кіре беріс қақпасындағы баннерден орын алатын болады.

Амандық Абдол

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Бейбит

    Кутты болсын