Еңбек министрі Теңіздегі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Теңіз кен орнындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

“Ол жерде біздің комитеттің төрағасы жүр. Оқиғаның бастапқы себебін өздеріңіз де білесіздер”, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, Теңіз кен орнында жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың белсенділері 11 талап қойған.

“Олардың арасында жалақыға қатысты мәселе бар. Бізде жалақыдағы айырмашылыққа қатысты мәлімет бар. Екінші талап – жұмыс кестесіне қатысты. Үшіншісі – жұмыс жағдайына байланысты. Жалпы осы еңбек қарым-қатынасына қатысты 5 мәселе бар”, – деді Бердібек Сапарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 29 маусым, сағат 11:00 шамасында «Теңіз» вахталық қалашығында (Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 км, Атырау қаласынан 340 км) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің жақында WhatsАpp желісінің профиліне орналастырған фотосуретіне наразылық білдірген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *