Джон Дудас – «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесіне басшылық етеді

sd 4 scaled Жаңалықтар

Atr.kz/6 ақпан, 2020 жыл.    Бүгін жалпы дауыс беру арқылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды.

Бұл туралы Atr.kz-ге «Самұрық-Қазына» компаниясының Қоғаммен байланыс  және  маркетингтік коммуникациялар  жөніндегі департаменті хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ  Директорлар  кеңесінің  төрағасы  болған.

2018 жылғы мамырда қабылданған «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қордың директорлар Кеңесінің құрамынан кетті.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады

Бұл жаңашылдықтар 2018 жылдың сәуірінде Елбасы мақұлдаған Қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ реттеуші функцияларынан меншік иесі ретінде мемлекеттің функцияларын нақты бөлуді көздейтін мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

http://atr.kz/bastyi-zha–alyi–/%D2%9Basym-zhomart-to%D2%9Baev-m%D2%B1naj-servisini%D2%A3-industriyasy-ekonomikany-%D3%99rtaraptandyru-zh%D3%99ne-%D3%A9su-drajverlerini%D2%A3-biri-bolyp-tabylady/

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың Директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және Қор төрағасы Ахметжан Есімов.

sd 1
Джон Дудас
sd 2
sd 3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз