Дизель отыны жеткілікті ме?

1025873919 Жаңалықтар

Atr.kz/8 қазан, 2019 жыл. Елімізде дизель отынының бағасы бір деңгейде сақталып отыр. Ал, Ресейде оның құны теңгеге шаққанда 250ден 293-ке өсті. Қырғызстанда жағармай литріне 249 теңгеден сатылып жатыр. Бұрын 238 теңге еді.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің м ә л і м е т і н ш е , Қазақстандағы дизель отынының бәсі шекаралас мемлекеттермен салыстырғанда ең төмен деңгейде. Республикадағы ж а н а р м а й қ ұ ю бекеттеріндегі орташа баға Қырғыз елінен 57,4 теңгеге, Ресей Федерациясынан 101,3 теңгеге арзан.

Дегенмен, бізде аталған өнім жоғары құнмен сатылып жатқан аймақтар бар. Олардың қатарында Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл облыстары аталады. Мамандар елімізде бензин мен дизель отынының бағасы салыстырмалы түрде тұрақты екендігін айтады.

Мәселен, шілде айының соңында бөлшек саудада АИ-92 маркалы жағармай бір литрі 146,7 теңгеге саудаланса, АИ-95 пен жазғы дизель отыны 0,2 пайызға қымбаттап, 168,7 және 192,5 теңге деңгейінде тұрақтады.

Бір жылдың ішінде жазғы дизель отынының бағасы 6 пайызға көтерілгені белгілі болды. Еліміздегі бензин мен дизель шығаратын үш зауыт бар. Дизель отынын өндіру бойынша Павлодардағы зауыт көш бастап тұр. Алайда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға төмен.

Ал, атыраулық зауыт екінші орында келеді. Сөйтіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайыз өсім көрсетті.

Шымкенттік кәсіпорын 37,6 пайыздық (845,4 мың тонна дизель) нәтижеге қол жеткізді.

Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры Шухрат Данбайдың пікірінше, соңғы жылдары байырғы кәсіпорынның өнім өңдеу мүмкіндігі артты. Өткен жылы мұнда үш кезең бойынша жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Соның нәтижесінде барлық талапқа сай келетін өнім өңдеуге қол жетті. Мәселен, дизель отынының өндірісі жылына 1,7 млн. тоннаға дейін өсіп отыр.

Жағармай, авиакеросин шығару көлемі ұлғайып келеді. «АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметі берген дерекке қарағанда, K5 экологиялық класының -25С максималды сүзгіштік температурасы бар дизель отыны былтырғы жылдың қараша айынан бастап шығарылуда. Бұл – мұнайды терең өңдеу кешенінде Prime D дизель отынын гидротазалау және парафинсіздендірудің нәтижесінде құрамындағы парафиндер азайтылған жаңа өнімдердің бірі. Өйткені, ПТФ-25 дизель отынында төмен температуралық қасиеттерге әсер ететін қоспалар жоқ.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз