Діни рәсімдер заңмен рұқсат берілген орындарда ғана жүргізілуі тиіс

1 35 Жаңалықтар

15 қаңтар. Мектеп ауласының сыртында намаз оқу арқылы, балаларының оқуға діни киіммен келуін талап еткен ақтөбелік бір топ әйелдің іс әрекетін – діндар азаматтардың өзі бүлік деп бағалауда. Осы жағдайда байланысты Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде құзырлы органдардың қатысуымен шұғыл баспасөз конференциясы өтті.

1

Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Қаһарман Мусаевтың айтуынша, діни рәсімдер заңмен рұқсат берілген орындарда ғана жүргізілуі тиіс. «Мәселен, өткен жылы «Атырау» қайырымдылық мекемесі өз ғимаратында заңсыз діни рәсім жүргізді. Сол себепті, мекеменің жұмысы үш айға тоқтатылған болатын. Демек, мұндай жағдайлар бәрібір заңмен реттеліп отырады»,-деп атап өтті ол.

Қазіргі таңда Атырауда діни сеніміне байланысты ата-анасы мектепке жіберуден бас тартып отырған оқушылар саны 53-ті құрап отыр. «Оқу жылының басында мектепке хиджабпен келген оқушылар саны 328 болатын. Ата – аналармен арада жүргізілген түсінік жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш азайды»,-дейді облыстық Білім беру басқармасының бөлім басшысы Байжан Шамұратов.

Айта кетелік, ата-анасы мектепке хиджабсыз әкелуден бас тартып отырған оқушылардың арасында 11 сынып шәкірттері өз алдына, мектеп алды даярлыққа тіркелген бүлдіршіндерге дейін бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Фото sputniknews.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз