Діни наным-сенімнің екпеге қандай қатысы бар?

daac73f467e886b650951ea2636119f6 resize w 520 h Жаңалықтар

Атырау облысында жарты жылда 259 бала өкпе құрты ауруына қарсы екпе алмаған.

C

– Бас тартушылар саны көбейіп келе жатқаны алаңдаушылық тудырады. Тек алты айдың ішінде Атырау облысында ата-аналардың бас тартуынан 259 бала туберкулезге қарсы екпе алмады. Және олардың 95-96 пайызы – діни наным-сенімге байланысты. 259 баланың 203-і – Атырау қаласынан, 30 – Жылыой ауданынан, 13 – Құрманғазы ауданынан және 2-3 баладан өзге аудандардан. Негізгі проблема қалада болып отыр, – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті жанындағы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Өмірзақ Зинулин. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінде Атырау облысында аталмыш сырқат бойынша көрсеткіш республика бойынша ең жоғарылардың бірі. Осы жылдың алты айында туберкулезді жаңадан жұқтырудың 217 жағдайы анықталды. Облыс бойынша бұл диагноз барлығы 1 мың 176 адамға қойылған.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз