Димаштың өнерін жарты күнде 120 млн адам көрген

dimash Жаңалықтар

  Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл.  Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнері жарты күннің ішінде 120 миллион қаралым жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», – дейді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда өткен Бетперде киген әнші (Mask Singer) шоуына қатысып, өнер көрсеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Mask Singer – қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады. Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз