Димаш: «Алаштың текті ұрпағының тұқымы Бекзат Саттарханов ұмытылмайды»

022323c01a815798 Жаңалықтар

Atr.kz/4 сәуір, 2019 жыл.  Бүгін – Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні.

Дүниежүзіне танылған ерекше дауыс иесі Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты Instagram-дағы парақшасында еске алды.

«Бүгін қазақтың қайсар батыры Бекзат Саттарханов ағамыздың өмірге келген күні. Қысқа ғана ғұмыр кешсе де, еліміздің тұғырын үлкен деңгейге көтерген арыстай азаматымыз мәңгілік жүрегімізде. Ер есімі ел – есінде! Алаштың текті ұрпағының тұқымы Бекзат аға, жатқан жерің жайлы, қараңғы жерің жарық болсын», – деп жазды Димаш.

11041038

2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы  Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Спортшы небәрі 20 жасында көлік апатынан көз жұмды.



Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз