Депутат үкіметтен мұғалімдерді халық санағынан босатып, жалақысын көтеруді сұрады

6 main Білім

Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирнова Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа сұрау салып, мұғалімдердің қордаланған проблемасын көтерді деп хабарлайды Baq.kz.

6_main

«Мұғалімдер мардымсыз жалақыға жұмыс істей тұра, көптеген қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Жалпы орта білімді мысалға алайықшы. Әрбір мұғалімге бекітілген учаске бар, ол оны жылына үш рет аралап шығуы тиіс. Бірнеше көпқабатты үйде немесе саяжайда тұратын 18 жасқа дейінгі балаларды тіркейді. Ал халықтың көбі мұғалімге ондай ақпараттың керегі жоқ деп есептеп, теріс айналады, керек десеңіз, ит қосып қуады! Мұғалімдердің басын қандай қатерге тігіп жатқанымызды ешкім ойламайды да, оның үстіне көбі әйелдер. Жұмыстан кейін үйіне емес, қоғамдық жұмыс істеуге барады, оларды қорғап, ақы төлеп жатқан ешкім жоқ», – деп жазды халық қалаулысы өзінің Facebook-тағы парақшасында.

Сондай-ақ, ол егер мәліметтер дұрыс берілмесе, мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушісі басымен жауап беретінін айтады.

«Егер тексерістен кейін, учаскеде мектепке бармай жүрген бала табылса, директор мен жауапты меңгеруші қатаң жазаланады, тіпті жұмыстан қуылуы да мүмкін. Еліміздің мұғалімдері жылына үш рет санақ жүргізеді», – деп толықтырды депутат.

Депутат мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесін де тоқталып өткен.

«Білім саласындағы түрлі тәуелсіз зерттеулер көрсетіп отырғандай, ішкі жүйеде білім саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруға қаражат бар. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Сізден мұғалімдердің, тәрбиешілердің, педагогикалық мекеме қызметкерлерінің жалақысын өсіруге қаржы іздеуіңізді, сонымен қатар мұғалімдерді бала тәрбиесіне қатысы жоқ тапсырмаларды орындаудан босатуыңызды сұраймыз», – деп түйіндеді сөзін ол.

Сұрау хатқа «Нұр Отан», Ақ жол, «Халық коммунистері» фракциялары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған депутаттар қол қойды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз