Атырауда мемлекеттік қызмет саласы бойынша «ашық есік күні» өтеді

9999999999 Жаңалықтар


Atr.kz/27-ақпан, 2019 жыл. Ертең сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтеді.

Мұнда тұрғындарға уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпараттар ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме беріледі. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратына экскурсия жүргізіледі.

9999999999

Шараның басты мақсаты – департамент пен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынас орнату, сонымен қатар азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу болып табылады.

«Ашық есік күні» Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 134 а мекен-жайында өткізілмек.

Айбөпе САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз