Дәстүрлі қолөнерді тегін үйренді (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.02 2 Жаңалықтар

Atr.kz/9 тамыз, 2019 жыл. Атырауда 180 адам дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабағынан өтті.

Киізден жасалатын бұйымдар өндірісі бойынша «Жұмыскер» мәдениет үйінде тегін шеберлік сағаты ұйымдастырылды. 7–9 тамыз аралығында Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму департаментінің қолдауымен «Қазақ қыздары» академиясының оқытушылары, қатысушыларға ұлттық «Құрақ көрпе» тігуді, сонымен қатар жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып, «Киіз басу» техникасында табиғи киізбен жұмыс жасауды үйретті.

– Қатысушылардың жалпы санының тек 35-і – қала тұрғындары, қалғаны бізге Атырау облысының әртүрлі аудандарынан келді. Олардың арасында көп балалы аналар, жас қыздар мен ересектер болды. Біз өте қуаныштымыз, семинарлар оң нотада өтті, барлығы да қатты ұнады, көбісі өз ісін ашып, жаңа тәжірибеге ақша табуға тырысқысы келді. Салтанатты рәсім барысында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады », – деді «Қазақ қыздары» академиясының директоры Әсия Мұхсинова.

Мөлдір ҚҰБАЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті

WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.03
WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.02 2
WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.03 1
WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.04 1
WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.04
WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.05 1
WhatsApp Image 2019 08 09 at 14.35.05

Суреттер: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз