Қайыршақтыдағы саз мектебі апатты жағдайда тұр

IMG 2169 Жаңалықтар

Атырау қаласына қарасты Қайыршақтыдағы саз мектебі апаттық жағдайда. Ауылдағы 624 орындық орта мектепте 1400-ден астам оқушы дәріс алуда. Балабақша кезегін күткен ата-аналар тілегі қашан орындалады? Көктем ықшамауданында жаяу жүргінші жолы мен жарық жүргізу қажет. Жұлдызда санитарлық тазалық талаптан төмен. Көшедегі бұралқы иттердің көптігі, қоғамдық көлік қатынасындағы қиындықтар тұрғындарды алаңдатып отыр.

DSC 0041

Қайыршақты ауылдық округі әкімінің жылдық есептік жиынына қатысқан Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлының алдына тұрғындар осындай өзекті мәселелерді қойды.

Шаһар басшысының айтуынша, аталған округ бойынша үш мектеп пен алты балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжат-тамалары жасақталуда, Ақсай ауылында жаңа саз мектебінің тиісті құжаттары дайын.

IMG 2169

– Біз 60 автобус аялдамасын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, олардың  отызы облыс орталығында, қалған жартысы қала төңірегіндегі ауылдық округтерде қойылатын болады. Көптеген жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша, жылы аялдамаларды сатып алу көзделген. Тұрғындар көтерген қалған мәселелер де рет-ретімен өз шешімін табатын болады,- деді әкім.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз