Туберкулез төмендеді

1b35a02a962db6b84bd32bf0c3591281 Жаңалықтар


Қазақстанда соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді. Бұл туралы Астанада «Көші-қон және туберкулез: туберкулезді трансшекаралық бақылау және Орталық Азиядағы туберкулезге қарсы көмек» атты жоғары деңгейдегі төртінші өңірлік кездесуде  еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

1b35a02a962db6b84bd32bf0c3591281

Белгілі болғанындай, бұл қауіпті дерттің салдарынан болатын өлім – 5,6, балалардың сырқаттанушылығы 2 есеге дейін төмендеді. Науқастардың белсенді контингенті 2008 жылғы 31779-дан 2017 жылы 16261-ге дейін 2 есеге  азайды. 2030 жылға қарай аталған дертпен сырқаттанушылық деңгейі едәуір төмендейді деп күтілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз