Ерлік ешқашан ұмытылмайды

IMG 20190211 WA0002 Жаңалықтар

Қызылқоғалық оқушылар Ауған соғысының ардагері Бағдат Шарафеденовпен кездесті.

Кеңес əскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Қаракөл орта мектебінде өткен кездесу елге оралмай қалған қаһармандарды  бір минут үнсіздікпен еске алу дəстүрімен  басталды.

IMG 20190211 WA0002
Қаракөл орта мектебінің оқушылары Бағдат Шарафеденовпен бірге

Бағдат Шарафеденов Ауғанстандағы Кандагардың Жалалабад қаласында əскери борышын жалғастырып, көптеген операцияларға қатысқан. «Ауған жерінде қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы борышына адал болған жауынгерлеріміз қаншама! Оларды есте сақтап, құрметтей түсу – ұрпақ борышы» дейді ардагер Бағдат Шарафеденов.

Ресми деректерге сенсек, ауған даласында Кеңес әскері 14 433 әскери қызметкерін жоғалтқан. Оның ішінде, 298 жауынгер із-түзсіз жоғалғандар қатарында. 54 мың жауынгер ауыр жарақат алып, 416 мың әскери сырқаттар қатарын толықтырған. Соғыс даласында мыңдаған қазақстандық жауынгер көз жұмды.

Ришад  ГАЛИАХМЕТОВ,

Алғашқы әскери дайындық пəнінің оқытушы-ұйымдастырушысы,

Қызылқоға  ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз