Айбек Крамбаев – Атырау облысы әкімінің орынбасарлығына тағайындалды

IMG 20190204 WA0005 Жаңалықтар

Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне жаңа орынбасары Айбек Крамбаевты таныстырды.

IMG 20190204 WA0006
Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасары Айбек Крамбаевты ресми түрде құттықтауда

Айбек Крамбаев Атырау облыстық әкімдігінде кәсіпкерлік, инвестиция тарту, мұнай-газ секторы,  соның ішінде қазақстандық мазмұн және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Жаңа орынбасардың кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен келісілген.

Бұрын осы салаға жауапты болған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов енді аймақтың әлеуметтік мәселелеріне – денсаулық сақтау,  білім беру,  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау салаларына жетекшілік жасайды.

IMG 20190204 WA0005
Айбек Крамбаев – Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары

Айбек Крамбаевтың менеджмент және маркетинг салаларында бакалавр,  магистрант дәрежелері бар.  Әр жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  ҚР Президенті жанындағы менеджмент, экономика және болжамдау институтын, И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ институтын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы мұнай компаниясында оператор қызметінен бастаған. 2001-2005 жылдары жеке компанияларда маркетинг және тариф саясаты бөлімінің басшысы,  ішкі газ тасымалдау бөлімінің басшысы,  маркетинг менеджері лауазымдарында жұмыс істеді.  2005 – 2007 жылдары –  «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ келісім-шарт жөніндегі менеджер,  техникалық топ басшысы болды.

2007 – 2010 жылдары Ұлыбритания,  Лондон қаласында  Қарашығанақ Петролиум Девелопмент Лимитед уәкілетті органы техникалық топтың жетекші өкілі қызметін атқарған. 2010 – 2012 жылдары «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қарашығанақ жобасы бойынша уәкілетті органында техникалық топты басқарды.

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев Айбек Крамбаевтың Қазақстан Республикасының мүддесін ірі мұнай-газ жобаларында қорғаған,  жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, шетелдік компанияларда кадрларды ұлттандыруға  бақылау жасаған тәжірибелі маман  екенін атап өтті. Шетелде жұмыс істеген,  қазақ, орыс тілдерімен бірге ағылшын,  түрік тілдерін меңгерген.

IMG 20190204 WA0004

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. В

    Айбек Өтеғалиұлы нағыз қазактың біртуар азаматы! Бұрын бір жұмыс орнында бірге істегенбіз, таныймын. Облысымызға жақсы хабар болды! Алла Тағала қолдасын!