Дөңгеленген дүние дүбірге толы

d181d0b0d0bcd0bcd0b8d182 d0bad0bed0bbd0bbd0b0d0b6 Жаңалықтар

d181d0b0d0bcd0bcd0b8d182-d0bad0bed0bbd0bbd0b0d0b6

Заң бұзғандар – тұтқында

БРАЗИЛИЯ. Елде президенттік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Социал-либералды партиясының үміткері Жаир Болсонару ең көп дауыс жинап отыр. Оған халықтың 47 пайызы қолдау білдірген. Екінші орында 29 пайыз дауыспен Фернанду Аддад тұр. Осылайша, екеуі де 28 қазанда өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңіне өтті.

Айта кетері, сайлау барысында заңбұзушылықтар да анықталды. Салдарынан шамамен 180 адам тұтқындалды.

 

Нәтижелі өткен кездесу

СОЛТҮСТІК КОРЕЯ. Мемлекет басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесуі нәтижелі өтті.

Корея басшысы  алдағы уақытқа жоспарланған Дональд Трамппен жүздесуі жемісті болады деп үміт артып отыр. Бұл – Помпеоның Пхеньянға төртінші сапары. Келіссөздерден кейін басшылар екі ел арасында тағы бір рет саммит өткізу керек деген мәмілеге келді.

 

Апат зардабы өсуде

ИНДОНЕЗИЯ. Елдегі жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандардың саны артып, 1763-ке жетті.

Тағы 5 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып, табылмай жатыр. Мұны елдің табиғи апат салдарымен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы мәлімдеді. Қазір апат болған аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Еске салайық, қыркүйектің 28-і күні Сулавеси аралындағы Палу қаласына жақын жерде қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі болған еді.

Интерпол басшысыз қалды

АНГЛИЯ. Интерпол президенті Мэн Хунвэй отставкаға кетті.

Лиондағы бас сектретариатқа Мэн Хунвэй мырзаны Интерпол президентінің лауазымынан алу туралы өтініш 7 қазанда түскен. Ереже бойынша Интерполдың жаңа басшысының міндеттерін аға вице-президент Ким Чон Ян уақытша атқарады. Ал, ұйымның жаңа басшысын сайлау 18-21 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінде болатын Интерполдың бас ассамблеясының сессиясы шеңберінде өтеді.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз