COVID-19: Теңіз кеніші жабыла ма?

200520161827235e COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/20 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 935 адам коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індетке шалдығу көрсеткішінің өсіміне жабық ұжымдардағы науқастар санының артуы себеп болып отыр. Бүгінгі күні 935 жағдай тіркелген Теніз кенішінде сырқаттанушылардың артуы байқалады. Шымкентте де «PetroKazakhstan Oil Production» ЖШС қызметкерлері арасында жаппай сырқаттану тіркелді. Компания қызметкерлері арасында 101 жағдай, мердігер ұйымдарда – 23 және үй ошақтарында байланыста болғандар арасында 69 жағдай тіркеліп отыр. Қарағанды облысында «Қазақмыс» коропорациясы кеніштерінің бірінде 34 жағдай тіркелді», – деді бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, Теңіз кенішінде сырқаттанудың артуына байланысты Атырау облысына үкіметтік комиссия жіберілген. Комиссия шешімімен аталған кеніште коронавирустың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жоспары, кестесі қабылданды.

«Қазіргі уақытта аталған жоспардың, кестенің орындалуына бақылау жүргізу қажет. Олай болмаған жағдайда, науқастар санының артуына байланысты оқшаулануға және кәсіпорынның өздігінен не мәжбүрлі түрде жабылуына алып келеді»,- деді Айжан Есмағамбетова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз