Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 25 доллардан асты

2020042710061846763 2020042706235762070 00000000000000000000 Жаңалықтар

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Халықаралық қор биржасындағы дерек, Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы баррелі үшін 0,93% -ке өскенін көрсетті.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 25 доллардан асты, деп хабарлайды zakon.kz. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 5.54-те Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы баррелі үшін 0,93% -ке өсіп, 25,04 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы бағасы баррелі үшін 21,64 доллар болып белгіленді. WTI маркалы мұнайдың маусым айында жеткізу бағасы, керісінше 1,42% -ға төмендеп, 16,70 доллар болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз