БРАЗИЛИЯДАН БАЙРАҚПЕН ОРАЛДЫ

Бразилияның Ново-Амбургу қаласында 26-30 қазан аралығында 30-шы «Mostratec» халықаралық ғылыми жобалар жарысы өткен болатын. Онда Аргентина, Мексика, Парагвай, Италия, Босния, Түркия, АҚШ, Индонезия, Македония, Үндістан, Голландия, Перу секілді 22 елдің дарынды оқушылары бақ сынады. Қазақстанның намысын қорғаған Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары Нұрсұлтан Мұратов жүлделі ІІ және Эльнур Тәжімбетов ІІІ орындарды иеленді.

Кеше ғана облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова атыраулық жас дарындарды ата-аналары, ғылыми жетекшілері және лицей басшысы Исмаил Эльмамен бірге қабылдап, Алғыс хаттармен марапаттады.

– Атыраулық оқушылар өз жобаларын математика пәні бойынша ағылшын тілінде қорғады. Нәтижесінде екі оқушымыз күміс пен қола медальға қол жеткізді. Бұл тек бір ғана Атыраудың ғана емес, тұтас еліміздің жеңісі, – деді басқарма басшысы.

Амандық АБДОЛ.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз