Борышың болса, өтеуге асық!

parking Жаңалықтар

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Атыраулық полицейлер «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 50-ге жуық автокөлікті айыппұл тұрағына қойды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Камералардың көмегімен анықталған жол ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру, борышкерлерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада борышы бар 50-ге жуық автокөлік жүргізушісі анықталды. Оның ішінде 20-ға жуық автокөлік «Автоураган» жылжымалы кешендерімен анықталып, айыппұл тұрағына жеткізілді. Тұраққа қойылған көліктің 29-ы Ресей Федерациясында, 13-і Армения Республикасында тіркелгендер.

Сондай-ақ, камералардың көмегімен анықталған жолда жүру қозғалысын бұзған жүргізушілерге 130 нұсқама тікелей тапсырылды.

Өз тілшіміз

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/%d3%a9zge-%d2%b1lt-%d3%a9kili-sizdi%d2%a3-tilde-s%d3%a9jlep-t%d2%b1rsa-%d2%9bandaj-sezimde-bolar-edi%d2%a3iz/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз